Кокшетау қаласы №10 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №10, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бос орын мұғалім-логопед

30.07.2026

Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 штат бірлігіне мұғалім-логопедтің бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Ұйымның орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Орталық шағын ауданы, 40.

Байланыс телефоны: 8 (7162) 42-67-81.

Электрондық пошта мекенжайы: kokshekppk_10@mail.ru.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

Өзінің құзыреті шегінде кәсіби қызметін жүзеге асыру. Білім алушылардың психологиялық жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету.

Түзету-білім беру процесі барысында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету. Білім алушыларға тексеру жүргізу, олардың дамуындағы ауытқулардың құрылымы мен айқындық дәрежесін анықтау, тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасау және оны белгіленген көлемде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және педагогтерге жеткізу (білім алушылардың даму ерекшеліктері мен оларды еңсеру жолдары жөнінде түсіндіру мақсатында).

            Түзету жұмысының мақсаттарын, нысандары мен әдістерін айқындау, интеллектуалдық және сенсорлық бұзылыстарды барынша түзетуге, білім алушылардың жүйке-психикалық дамуындағы ауытқуларды еңсеруге, бастапқы интеллектуалдық немесе сенсорлық кемістіктерден туындайтын екінші реттік бұзылыстардың алдын алуға бағытталған жеке бағдарлама шеңберінде түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Ерекше қажеттілік туындаған жағдайда балаларды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ОПМПК), психологиялық және медициналық орталықтарға консультация алуға жіберу. Білім алушылардың психофизикалық, сенсорлық және интеллектуалдық даму деңгейін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін ескере отырып, түзету сабақтарына арналған топтарды жасақтау. Білім беру ұйымында жүргізілетін сүйемелдеу және түзету-білім беру процесінде білім алушылар мен барлық қатысушылардың (әкімшілік, педагогикалық ұжым, ата-аналар/заңды өкілдер) арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру. Білім беру ұйымының білім алушыларды қазіргі білім беру кеңістігіне бейімдеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талдау.

Мыналарды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру:

- балалармен жүргізілетін жеке түзету-дамыту бағдарламаларын ресурстық қамтамасыз ету;

- арнайы педагогика және психология саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

- білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) түзету жұмысының барысы, мазмұны және нәтижелілігі туралы ақпараттандыру;

- оқуда қиындықтары бар балалар туралы ақпаратты жинау және жүйелеу;

- білім алушылармен жүргізілетін жеке түзету-дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеу жүйесін ұйымдастыру;

- инклюзивті білім беру практикасы саласында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету.

Мыналарды әзірлеу және қолдану:

- білім алушылардың дамуындағы бұзылыстарды түзетуге бағытталған сынақтан өткен және авторлық түзету-дамыту бағдарламаларын, сабақтар циклдерін;

- білім алушыларды кешенді тексеру және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын;

мектеп және отбасы жағдайында білім алушылармен жұмыс жүргізу бойынша педагогтерге, мамандарға және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) арналған әдістемелік ұсынымдарды.

            Білім беру процесіне қатысушыларға (педагогтер мен ата-аналарға) түзету жұмысының мақсаттары мен ерекшеліктері, білім беру ұйымы және отбасы жағдайында білім алушылардың дамуындағы бұзылыстарды еңсеру жолдары туралы ақпарат беру мақсатында консультациялық жұмыс жүргізу.

Балаларды тексеруге және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған қажетті көрнекі құралдармен және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілу.

Белгіленген үлгі бойынша қажетті құжаттаманы, талдамалық-статистикалық есептілікті ресімдеу және жүргізу (тексеру нәтижелері мен жүргізілген түзету оқытуының қорытындыларын көрсететін жыл сайынғы есепті белгіленген нысан бойынша дайындау), сондай-ақ балаларды тексеру және олармен жүргізілген түзету жұмысының нәтижелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ПМПК) қорытындылар әзірлеу.

Кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде ұйымның Жарғысын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын, еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру. 

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетіледі, болған жағдайда);
  4. педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінен (ҰБТ/НКТ) өткені туралы сертификат немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда);
  10. осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  11. Кандидат болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынады (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми және академиялық дәрежелер мен атақтардың берілгенін растайтын құжаттардың, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдардың, біліктілік санаттарының көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары).

1 штат бірлігіне лауазымдық жалақы мөлшері – 171 767 тенге.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.07.2026 ж. – 07.08.2026 ж.

Құжаттарды қарау мерзімі: 10.08.2026 ж. – 14.08.2026 ж.

Конкурсты өткізу күні: 17.08.2026 ж.

Конкурстың өткізілу орны: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Орталық шағын ауданы, 40.

Просмотров: 1379


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст