Ақмола облысы білім басқармасының
«Көкшетау қаласы, №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-дегі жемқорлықтың алдын алу
А.ж. 19 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша депаратментінің қызметкері А.О.Амангелдинаның қатысуымен қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында қызметкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында А.Амангелдина жемқорлықтың алдын алу заңнамасының талаптарын түсіндіріп, қоғамда жемқорлық құқықбұзушылық көріністері мүлдем төзбеушілік қағиадатын және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары туралы баян етті. Кездесу нәтижелері бойынша қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді.