Кокшетау қаласы №10 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №10, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп «Көкшетау қаласы, №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» 2016 жыл

15.03.2017

КММ Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Мүмкіндіктері шектеулі  балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық  көмек көрсету»

«Дамуында  ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді  оңалту және әлеуметтік бейімдеу(мүмкіндіктері шектеулі)»

2016 жыл бойынша түзету кабинетінде 80- баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық  көмек көрсетілді және 63 бала оңалту өтті.

 Ата-анасының(заңды өкілдерінің) келісімімен психологиялық-медициналық–педагогикалық

кеңесінің (ПМПК) қорытындысы бойыша, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қабылданады. Балаларды психологиялық-педагогикалық түзету  кабинетіне жыл бойы қабылдайды.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті білім беру ұйымның арнайы  бір түрі болып

келеді, ол ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы түзету, топтық және кешенді психологиялық-педагогикалық жеке дамыту бағдарламаларын іске асырады. Кабинетте түзеу жұмыстарын өткізетін мамандар: логопед, дефектолог, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушы, әлеуметтік педагог.

Жұмысының негізгі мақсаты - психологиялық-педагогикалық түзеу, есту, көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар ақыл-ой, эмоциялық-еріктік саласымен мінез-құлығы бұзылысы бар  балаларға кешенді көмек көрсету.

Логопед -  сөйлеуінде бұзылуы бар балаларды анықтайды және олармен түзету   жұмыстарын жүргізеді.

Дефектолог – балалардың танымдық белсенділігін арттырады және ойлау, қиял, көңіл,  жад сияқты психикалық процестерды дамытады.

 Педагог-психолог- балаларды түзету мақсатында анықталған ауытқулар: бұзылған эмоционалдық сала, қарым-қатынаста қиындық сезініп отырған балалар, коммуникативтік дағдылар және мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен әлеуметтік-эмоционалдық түзету жұмыстарын жүргізеді.

Әлеуметтік-педагог деректерді жинау және құрастыру бойынша жеке-дамытушылық бағдарламасын жүргізеді. Ата-аналарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік қорғау және отбасын қолдау үшін кеңес береді. Әлеуметтік қорғау қызметтерінің мамандарымен, педагогтармен, қайырымдылық ұйымдармен өзара қарым қатынас жасайды.

Емдік денешынықтыру нұсқаушы - арнайы жабдықталған залында сабақтар өткізеді.Сабақтарда жалпы дамытатын жаттығулар, қозғалыс ойындар, тыныс алу жаттығулар, психогимнастика, релаксация,  элементтері сондай-ақ арнайы бұлшық ет тонусының жаттығуларын қолданады.

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст