1. Жалпы ережелер
1) Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы әкімінің 17.11.2014 жылғы № А-10/542 қаулысының негізінде білім беру, түзету функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Центральный ықшам ауданы, 40 үй, (№ 19 ОМ)
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер: «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны бір.
2023 жылы барлығы 231 мемлекеттік қызмет көрсетілді онын ішінде «Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілген қызметтердің
саны – 229, 2-қағаз түрінду көрсетілді.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Білім басқармасының http://sc0037.kokshetau.aqmoedu.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. , мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдармен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласындағы № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 2023 жылы БАҚ пен әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді. Жыл сайын БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.